Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пандемия 2022 жылы аяқталады": Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болжамын жариялады

Опубликовано:

Тәжвирус
Көрнекі фото: centralasia.media

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы пандемияның аяқталуына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды euronews.com.

"2022 жылы біз COVID-19 пандемиясын тоқтата аламыз. Қазірдің өзінде бізде аурудың ауыр спектрін жою үшін бәрі бар. Біз асқынулардың, ауруханаға жатқызудың, ауыр науқастардың, қарқынды терапияны қажет ететіндердің, көз жұмғандардың санын азайта аламыз. Біз COVID-19 өлімін жоя аламыз, сонымен қатар инфекцияны азайта аламыз", - деді Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 бойынша техникалық басшысы Мария Ван Керкхове.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 575 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарынан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947193-pandemiya-2022-zyly-ayaqtalady-duniezuzilik-densaulyq-saqtau-uiymy-bolzamyn-zariyalady/

pixel