Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған флешмобты жалғастырды

Опубликовано:

Полиция қызметкері
Фото: Polisia.kz

Ішкі істер министрлігі президенттің телерадиокешенімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған патриоттық флешмобты жалғастырды, деп хабарлайды ІІМ ресми сайты Polisia.kz.

ІІМ эстафетаны ұлттық қауіпсіздік комитетінен қабылдап, ары қарай төтенше жағдайлар министрлігіне жолдайды.

Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тойлау жөнінде арнайы тапсырма берген болатын. Мемлекет басшысы ел тарихындағы елеулі мереке кезінде құр даңғаза мен ысырапшылдыққа жол беруге болмайтынын, әрбір шараны елге пайдасы тиетін нақты істерге ұластыру қажет екенін баса айтты. Экономика, әлеуметтік сала, білім, ғылым және басқа да бағыттар бойынша тың жобалар қолға алынатынына тоқталды.

"Тұтас мемлекетті қамтитын ауқымды іс-шараларды өткізген кезде айқын көзқарас, нақты ұстаным болуы шарт. Себебі өңірлердің бәрі орталыққа бейімделіп жұмыс істейді. Сіздерден бағдар алады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығын тек мерейтой деп санауға болмайды. Ең алдымен, бұл тарихи оқиғаға идеологиялық тұрғыдан қарауымыз керек", – деді президент ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947257-iim-tauelsizdiktin-30-zyldygyna-arnalgan-flesmobty-zalgastyrdy/

pixel