Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

қар
Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы үш күнде республика аумағында ауа райы бірқалыпты болмайды. Көптеген өңірлерде бұрқасын мен көктайғақ болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Қазақстанның көп өңірінде ауа райы бірқалыпты болмайды. Бұған Солтүстік-батыс циклонына байланысты өтетін атмосфералық ауа ағындары ықпал етеді. Қар жауып, көктайғақ болады, тұман түседі, екпінді жел соғып, елдің солтүстік бөлігінде боран болады.

Батыста ауа температурасы түнде -5+2, күндіз -3+5 градус болады. Солтүстік-батыста ауа температурасы түнде 0-5 градус аяз, күндіз -3+2 болуы ықтимал. Республиканың солтүстігінде және орталығында түнде 1-13 градус аяз, күндіз 0-8 аяз, шығыста 5-15 градустан 0-10 градусқа дейін аяқ, күндіз 0-10 градус аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнле -5+2, күндіз 2-13 градус жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947269-demalys-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel