COVID-19: Еліміздің қай өңірлері "жасыл" аймақта орналасқан

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pexels.com

2021 жылғы 18 желтоқсандағы жағдай бойынша ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, "қызыл" аймақта орналасқан өңірлер жоқ.

"Сары" аймақта Ақмола, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары тұр.

"Жасыл" аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстары енген.

Естеріңізге сала кетсек, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңа 494 жағдайы тіркелген болатын.

Өңірлер бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласында - 88,

Алматы қаласында - 29,

Шымкент қаласында – 8,

Ақмола облысында – 63,

Ақтөбе облысында - 0,

Алматы облысында - 8,

Атырау облысында - 3,

Шығыс Қазақстан облысында - 19,

Жамбыл облысында - 4,

Батыс Қазақстан облысында - 6,

Қарағанды облысында - 93,

Қостанай облысында - 35,

Қызылорда облысында - 4,

Маңғыстау облысында - 2,

Павлодар облысында - 59,

Солтүстік Қазақстан облысында - 72,

Түркістан облысында - 1 адам қауіпті індеттің құрығына ілінген.

Жалпы, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырудың 982 475 дерегі тіркелді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947311-qauipti-indet-elimizdin-qai-onirleri-zasyl-aimaqta-ornalasqan/