Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Еліміздің бас шыршасы қашан жағылатыны белгілі болды

Опубликовано:

24.kz
Фото: 24.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Қазақстанның бас шыршасы қашан жағылатынын мәлім етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімдікте хабарлағандай, бас шыршаны жағу рәсімі 19 желтоқсан күні сағат 19:00-де ЭКСПО көрмесінің аумағында, "Нұр Әлем" сферасының жанында өтеді.

Аталған шараға елорда тұрғындары мен қонақтары қатыса алады.

"Бағдарламада ресми және концерттік бөлім қарастырылған. Концерттік бағдарламаға қазақстандық эстрада жұлдыздары қатысады", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кетейік, биылғы бас шыршаның биіктігі 25 метрді құрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947327-elimizdin-bas-syrsasy-qasan-zagylatyny-belgili-boldy/

pixel