Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отанға деген сағынышым жатыр": Қытайдан келген сазгер тәуелсіздік күніне ерекше сый жасады

Опубликовано:

Ерлан Төлеубай
Фото: Жеке мұрағаттан

Қытайдан атажұртын сағынып келген сазгер Ерлан Төлеубай Тәуелсіздіктің 30 жылдығына ерекше сый жасады. Ол қатарынан отыз патриоттық ән жазып, егемендіктің отыз жылдық мерейтойын естен кетпестей өткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Міржақып Дулатовтың "Қайда едің?" өлеңіне, Мағжан Жұмабаевтың "Мен жастарға сенемін", Алмас Ахметбектің "Әлиханның монологы", сонымен қатар Мұстафа Өзтүрікке арнаған "Біз түркілерміз", "Түркістан" сынды өлеңдерге ән жазған композитор "кешегі Алаштың шығара алмай кеткенін басып, жаза алмай кеткенін жазуымыз керек", - дейді.

"Халифа Алтай атамызды білесіздер, Тәуелсіздік алғанымызды естігенде, мұз үстінде сәжде қылған. Мұстафа Өзтүрік те сол жүрекпен, сол ниетпен келді. Қара жерге басы тигенше ел үшін еңбек етті. Шұғыла апамыз биімен, Майра апамыз әнімен келді.

Біз қазақтың дәстүрлі ән өнерінің түпнұсқасын бұзбай дәріптеу ниетімен ән жазып жүрміз. Мен үш ән жазсам, соның екеуі патриоттық ән.

Талапбек Тынысбекұлы деген досым дәмхана ашқан кезде: "Қазаққа қазанмен болса да көмектесемін", – деп айтқан. Сол сияқты біз де қолдан келгенше еңбектеніп жатырмыз.

Қазір қазақ руханиятын дамытуға жұмыс істеп, Мағжан сенген жастарды тәрбиелеуіміз керек. Кешегі Алаштың шығара алмай кеткенін басып, жаза алмай кеткенін жазуымыз керек", - деді сазгер Ерлан Төлеубай.
Ерлан Төлеубай
Фото: Жеке мұрағаттан

"Қазір қазақ өнері дәстүрлі сарынынан айырылып, жан жақтан қаптаған мағынасыз әндер тыңдарманның талғамын да бұзды. Қазақтың әр аймағына тән әуенінен айырылып барамыз. Ұлттық музыкада қазақтың тарихы, арман-мұраты жатыр. Қазіргі музыкамызға кәріс, өзбек, үнді сынды өзгеде елдердің әуендерін араластырып жіберді.

Жеңіл, мазмұны, мағынасы таяз, елікпе, желікке әуендер, әндер. Сондықтан Тәуелсіздікке тарту ретінде тыңдарманға жол тартқан бұндай патриоттық, тәрбиелік мәні бар әндер ауадай керек", - дейді белгілі әнші, зерттеуші Ерлан Төлеутай.

Айта кетерлігі, түрлі қайырымдылық шаралардың ұйымдастырушысы ретінде қызмет етіп жүрген сазгер «Ұлы дала ұраны» атты ән жинағын шығарып, халыққа таратты.

17 желтоқсанда өткен сазгердің шығармашылық кешіне белгілі әнші Ерлан Төлеутай, актер Бекжан Тұрыс, ақын Мұқтар Шаханов, Жүрсін Ерманов, Алмас Ахметбекұлы сынды елге танымал қайраткерлер мен өнер иелері қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947339-otanga-degen-sagynysym-zatyr-qytaidan-kelgen-sazger-tauelsizdik-kunine-erekse-syi-zasady/

pixel