Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жұлдыздар жарнамалаған қаржы пирамидасына қатысты тағы екі күдікті қолға түсті

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Алматыда жұлдыздар жарнамалаған "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасы туралы іске қатысы бар деген күдікпен тағы екі азамат ұсталды, деп хабарлады KAZ.NUR.KZ Алматы полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахмановтың Instagram парақшасына сілтеме жасап.

""Mudaraban Capital" компаниясының тағы екі қызметкері қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен ұсталды. Бұл 1988 жылы туған Ж. есімді азамат - компанияның құрылтайшысы және 1983 жылы туған Р. есімді азамат - басқарма төрағасы қызметін атқарған. Екеуі де Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібі бойынша ұсталып, Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады полиция департаменті басшысының орынбасары.

Әбдірахманов Алматы қаласының полиция департаменті азаматтар тобының ұжымдық өтінішімен "Astex.kz" және "ACD technology" ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелгенін еске салды.

"2019 жылдың ақпанынан бастап 2021 жылдың қаңтарына дейінгі уақыт аралығында аталған ЖШС лауазымды тұлғалары мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін қажетті қаражатты тарту мақсатында жеке және заңды тұлғалармен бірлесе қызмет ету туралы шарттар жасағандығы анықталды. Екіжақты құжатқа сәйкес фирмалар ай сайын әрбір салымшыға қосқан салым сомасының 20%-ын төлеуі тиіс болған. 162 салымшыдан "Mudaraban Capital" ЖШС арқылы жиналған 2 млрд теңгеден астам ақшалай қаражат "Astex.kz"-ке келіп түскен", - деп жазды полицей.

Әбдірахманов қазіргі уақытта осы қылмысты жасады деген күдікпен сегіз адам әшкереленгенін, олардың алтауы тергеу сотының санкциясы бойынша қамауға алынғанын, біреуіне іздеу жарияланып, тағы біреуі үй қамағында екенін айтты. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947340-almatyda-zuldyzdar-zarnamalagan-qarzy-piramidasyna-qatysty-tagy-eki-kudikti-qolga-tusti/

pixel