Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа туған нәрестелерге Тәуелсіздік күніне орай «Сүйінші» сыйқорабы тарту етілді

Опубликовано:

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына орай baby-бокстар сыйға тартылды.

«Сүйінші» сыйқорабына бөбектерге қажетті заттардан басқа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау тілегі жазылған ашық хат, "Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл" монетасы мен баланың тууы туралы куәлігі салынған.

«Айналайын, бөбек! Сенің туған күнің еліміздің ең басты мерекесімен тұспа-тұс келді. Өзің дүние есігін ашқан кезде халқымыз қастерлі Тәуелсіздігінің 30 жылдығын атап өтіп жатты. Саған бақытты әрі ұзақ ғұмыр тілеймін!», - деп жазылған Президенттің құттықтауында.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Фото: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ

16 және 17 желтоқсанда туған балаларға туу туралы куәлікті алу туралы өтінімдерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының қызметкерлері қабылдап, әрі қарай Қазақстан азаматының алғашқы құжатын ресімдеу үшін АХАЖ органдарына жолданды.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкіметпен бірге және ҚР Ұлттық банк, Центркредит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947347-zana-tugan-narestelerge-tauelsizdik-kunine-orai-suiinsi-syiqoraby-tartu-etildi/

pixel