Ақмола облысындағы жол апаты салдарынан әйел көліктің ішінде қысылып, қалып қойды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Ақмола облысы ТЖД

Ақмолалық құтқарушылар жол апаты кезінде көлікте қалып қойған әйелге көмектесті. Оқиға "Алматы-Екатеринбург" тас жолында болды деп хабарлайды облыстың төтенше жағдайлар департаментінің Instagram-дағы ресми парақшасы.

17 желтоқсанда "Алматы-Екатеринбург" республикалық тас жолының 1066 шақырымында үш жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.

Автокөліктердің бірінде әйел қысылып, өздігінен шыға алмағандықтан, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу қажет болды.

Апат орнына Астрахан ауданының 19 және ТЖБ өрт сөндіру бөлімінің күштері мен құралдары шұғыл жіберілді. Құтқарушылардың жедел әрекеті нәтижесінде әйел автокөліктен аман құтқарылып, медициналық көмек көрсету үшін аудандық ауруханаға жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947378-aqmola-oblysyndagy-zol-apaty-saldarynan-aiel-koliktin-isinde-qysylyp-qalyp-qoidy/