Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда жаңа тұрғын үй кешені отқа оранды (фото, видео)

Опубликовано:

Өрт
Фото: Facebook/Азамат Сарсенбаев

Ақтау қаласындағы "Флоренция" тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабаттары мен шатыры өртке оранды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Жаңабаевтың мәліметінше, бүгін сағат 15:08 кезінде Ақтау қаласындағы 17-шағын ауданында "Флоренция" тұрғын үй кешенінің шатыры жанып жатқаны туралы шақырту түскен.

Оқиға орнына келген кезде жалпы ауданы 5 244 шаршы метр болатын шатырдың шамамен 500 шарты метрі жанып жатқаны анықталған.

Ол өртті өшіру жұмыстарына 80 қызметкер мен 17 арнайы техника жұмылдырылғанын жеткізді.

"Өрт кезінде пәтерлердегі 100 адам, оның ішінде 20 бала қауіпсіз жерге көшірілді", - деді Нұрлан Жаңабаев

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947409-aqtauda-zana-turgyn-ui-keseni-otqa-orandy-foto-video/

pixel