Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл не мазақ?": Танымал журналист Шарында жоғалған 11 жасар қызды құтқарған жандардың елеусіз қалғанына күйінді

Опубликовано:

Сол жақта Ермек Өмішов
Сол жақта Ермек Өмішов: жеке мұрағат

Журналист Зәуре Зақанқызы 2021 жылдың мамырында Шарын шатқалында жоғалып кеткен 11 жасар қызды тауып алған інісінің еңбегі еленбегенін айтып, ренішін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

30 мамыр күні тасқын салдарынан хабарсыз кетіп, бір күн бойы құтқарушыларды аяғынан тік тұрғызған қыз баланы «Шарын» Ұлттық паркінің қызметкерлері - инспектор Ермек Өмішов, гид-эксурсовод Ернар Жүнісов, контроллер Ербол Сатымбаев іздеп тапқан болатын. Алайда, журналист Зәуре Зақанқызының айтуынша, мереке қарсаңында олардың еңбегі еленбей, үш полиция қызметкері медальмен марапатталған.

"Биылғы медаль жыры жылдағыдан ерекше боп тұр ғой. Көре алмаушылар қатарынан емес ек. Бәріңе құтты болсын. Тіпті, Шарында селге кеткен 11 жасар қызды құтқару операциясында "қатты көзге түскен" погонды көкелердің марапаты да берекелі болсын.

Бірақ таң бозынан қолын қамыс тіліп, жартас, жықпылдармен жаяулап бірнеше шақырым жүріп, таза өз интуициясымен, адам аяғы баспайтын жерден бірінші боп қызды тапқан менің інімнің еңбегі неге еленбеуі керек?

Әу баста өтірік ақпарат таратты. Енді көзді бақырайтып қойып шын батырлардың несібесін ауыздан жырып жатыр.

Оқиғадан соң мен бірнеше рет інімнен сұрадым. "Егер сендер сол жерге бармағанда құтқарушылар қызды кеш те болса таба алар ма еді?",- дедім.

" Жоқ! Ешқашан!" - деп жауап берді.

"Ол жақ тіпті іздеу жоспарында болған жоқ. Екіншіден, жоғарыдан ол маң көрінбейді де. Қасымдағыларға: "Не де болса сол айналмаға барайық. Қыз Шарынға түссе, дәл сол айналмаға денесін шығарып тастайды. Егер ол жерде шықпаса бітті, әрі қарай таба алмайды ешкім" дедім. Айтқанымдай, болжаған жерімнен таптық. Бірақ иіріліп әкеп соғатын мүйістегі тасқа жандалбасамен шығып кетеді деп ойламадық. Көрер жарығы бар екен. Егер біз бармасақ, ол жерге ешкім де бармас еді" деген.

Інім Ермек шатқалды бес саусағындай білгенінің арқасында бір адам өмірі құтқарылды. Оны бұлдау ойында да жоқ.

Бірақ мынау не мазақ?", - деді Зәуре Зақанқызы.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында 11 жасар қызды құтқарғаны үшін үш полиция қызметкері "Ерлігі үшін" медалімен марапатталған.

Айта кетелік, 2021 жылдың мамырында "Шарын" шатқалынан сыныптастарымен бірге барып, сел кезінде жоғалып кеткен 11 жасар оқушы қыз ғажайыптың күшімен аман қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947460-bul-ne-mazaq-tanymal-zurnalist-sarynda-zogalgan-11-zasar-zereni-qutqargan-zandardyn-eleusiz-qalganyna-kuiindi/

pixel