Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде азаматтық қорғау органдарының құлақтандыру жүйесі тексеріледі

Опубликовано:

Министрлік
Фото: ТЖМ

2021 жылғы 21 желтоқсанда сағат 9.00-ден 12.00-ге дейін азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу жоспарланған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар туралы халықты құлақтандыру және хабардар ету - тұрғындарды табиғи құбылыстардың әртүрлі факторларының әсерінен болатын апаттың немесе жойқын әсердің теріс салдарынан қорғауға мүмкіндік беретін негізгі қауіпсіздік шарасы.

"Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электр дабылдарын және сиреналық-сөйлеу құрылғыларын (дауыс зорайтқыштарды) қысқа мерзімге қосу, сондай-ақ теледидар және радиоарналарының эфирі арқылы хабарлау, интернет-ресурстары мен мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жоспарланған", - делінген хабарламада.

"Баршаның назарына!!!" дыбыстық сигналы - бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған кезде барлық шұғыл хабарламаларды берудің алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы.

Дыбыстық сигналды естіген кезде теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, Интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпараттарды апат туындаған жағдайда одан әрі әрекет ету туралы нұсқаулар алу үшін оқып шығу керек.

Сонымен қатар, қауіпті өндірістік объектілер мен гидротехникалық құрылыстардағы жергілікті құлақтандыру жүйелерінің жарамдылығы тексерілетін болады.

Құлақтандыру жүйесіне республикалық тексеру жүргізу құлақтандыру жабдығын әзірлікте ұстауға және халықты ықтимал төтенше жағдайлардан қорғауға бағытталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947508-elimizde-azamattyq-qorgau-organdarynyn-qulaqtandyru-zuiesi-tekseriledi/

pixel