Елімізде алдағы күндері 23 градусқа дейін аяз болады

Опубликовано:

Аяз
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.

Мамандардың мәліметінше, 21-23 желтоқсан кезеңінде Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді.

Осыған байланысты бұрынғысынша ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

Жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді, деп күтіліп отыр.

Республика аумағында тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болуы мүмкін.

Сонымен қатар, синоптиктер 23 желтоқсанға қарай Қара теңіз аудандарынан антициклон шығарылатынын мәлімдеді.

Осының әсерінен ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

  • Батыста түнде 8-23, күндіз 5-15 градус аяз,
  • солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5-15 градус аяз, күндіз 0-8 градус аяз,
  • оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 5 градус аяз, күндіз 0-10 градус аралығында күн жыл болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947511-elimizde-aldagy-kunderi-23-gradusqa-deiin-ayaz-bolady/

jitsu gif