Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында 7 мыңнан аса алма ағашын отырғызған кәсіпкер әйел миллион теңге ұтып алды

Опубликовано:

KMF Isker hanymy-2021
Фото: KMF

KMF микроқаржы ұйымы мен «KMF-Демеу» қоры ұйымдастырған KMF Isker hanymy-2021 байқауының жеңімпаздары анықталды. Байқауға қатысуға 1 066 кәсіпкер әйел өтінім берген. Жеңімпаздарды марапаттау шарасы Алматы қаласындағы Royal Tulip қонақүйінде өтті.

Байқаудың өтетіні туралы хабарланған кезде жеңімпаздардың бас жүлде, үш номинация мен қазылар алқасының арнайы сыйлығы бойынша таңдалатыны айтылған еді. Алайда, өтінімдердің көптігі мен сәтті жүріп жатқан ерекше кәсіп түрлерінің санына байланысты 14 іскер ханымға жеңіс бұйырды. Сондай-ақ, жүлде қоры 3 емес 3,9 миллион теңге болды. Нақтырақ айтқанда, бас жүлдеге – 1 млн, қазылар алқасының сыйлығы мен үш номинация жеңімпаздарына – 500 мыңнан және 9 кәсіпкер әйелге 100 мың теңгеден бұйырды. Олар бұл қаражатты бизнесті дамытуға, тұрмыстық техника алуға немесе саяхаттауға жұмсай алады.

KMF Isker hanymy-2021
Фото: KMF

Байқау жеңімпаздарын марапаттамас бұрын сөз алған KMF МҚҰ басқарма төрағасы Шалқар Жүсіпов іскер ханымдардың ел экономикасы үшін маңызы мен алатын орнын айрықша атап өтті.

«Біздің мақтан тұтар бағытымыздың бірі – іскер ханымдардың кәсібіне қолдау көрсететініміз. Жалпы, KMF клиенттерінің басым бөлігі – әйел адамдар. Біз нарыққа 24 жыл бұрын келдік, бастапқыда бұл жобаның өзі әйелдерді қаржыландыру мақсатында құрылған. Себебі, расында да шағын бизнесте әйелдердің үлесі басымырақ, оны қаншама зерттеу дәлелдеген болатын. Бүкіл әлемдік тәжірибе көрсетіп бергендей, әйел адам тапқан әр тиынын отбасының дамуына салады. Сондықтан біз әйелдерге қолдау көрсету арқылы бүкіл қоғамға, бүкіл Қазақстанға қолдау көрсеткіміз келеді», - деді Шалқар Аманқосұлы.

Ал, байқаудың бас жүлдесін жеңіп алған Майра Сейсингалиева Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Түрген ауылының тұрғыны. Ол 8 гектар жерге 7 мыңға жуық алма ағашын отырғызып, өнімін сатумен айналысады.

KMF Isker hanymy-2021
Фото: KMF
«Мен 2002 жылдан бастап базарда жұмыс істедім. Бастапқыда алманы алып сатумен айналыстым, кейін «сол алманы неге өзім өсірмеске» деген ой келді. Сөйтіп, жер алып, алма еге бастадым. 2006 жылдан бері KMF-тің клиентімін. KMF Іскер ханымы байқауы туралы кредит сарапшым арқылы біліп, «мұндай бизнесім бола тұра, неге қатыспасқа» деп ойладым. Міне, бүгін бас жүлдеге ие болдым, келесі жылы тағы қатысамын, кеш өте керемет, мұндай құрмет үшін алғысым шексіз», - деді Майра Жолдасбекқызы.

Байқаудың «Ауыл шаруашылығының дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясын жеңіп алған кәсіпкер Бейсенкүл Ералиева - Қызылорда облысы Шиелі ауданының тұрғыны. Оның қазіргі таңда күріш ақтайтын екі бірдей зауыты бар.

«Мен күрішті ақтаумен айналысамын. Бизнесімді 2006 жылы KMF-тен ақша алып бастаған едім. Содан бері үздіксіз қаржы алып, соны бизнесіме пайдаланып келе жатырмын. Бастапқы кезде күріш ақтайтын 1 зауытым болған, қазір екі зауытым бар. Осының барлығы алдымен Құдай, одан кейін KMF-тің арқасы», - дейді Бейсенкүл Әшімқызы.

Байқауда қазылар алқасының арнайы сыйлығына ие болған Ризвангуль Юсупова Алматы облысы Жаркент қаласында тұрады. Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеумен айналысатын кәсіпкер KMF-ке алғысын білдірді.

KMF Isker hanymy-2021
Фото: KMF
«Бір қарағанда, менің кәсібім тым қарапайым көрінеді, алайда KMF-тің арқасында сол қарапайым бизнес осындай зор еңбекке айналып отыр. Айтарға сөзім жоқ! Бұрын-соңды мұндай байқауға қатысып көрмеген едім, айтарлықтай сенбейтінмін де, бірақ бүгін KMF-тің арқасында байқауларда әділдіктің, ашықтықтың және шынайылықтың барына көзім жетіп отыр, бұл менің еңбегімнің жемісі. KMF – ең адал, лайықты, заманауи ұйым! Бұл кездесуде қаншама эмоция, жаңа бағытқа сілтеме алдым және кәсіптің өзге түрімен де қатар айналысып, KMF-пен бірге жаңа асуларды бағындыруға бел будым», - деді Ризвангуль Максумовна.

Сонымен қатар, «Бизнестің дамуына қосқан үлесі үшін» номинациясында – талдықорғандық Радина Ян жеңіске жетті. Оның бірнеше асханасы мен мейрамханасы бар. Ал, «Әлеуметтік бизнес» номинациясында қарағандылық Татьяна Адиетова үздік деп танылды, кәсіпкер екі қалада жекеменшік жеті қарттар үйінің желісін басқарып отыр.

KMF Isker hanymy-2021
Фото: KMF

Байқауды ұйымдастырушылардың айтуынша, KMF пен «KMF-Демеу» қоры KMF Isker hanymy-2021 байқауын келесі жылдан бастап жыл сайын өткізуді және оған микроқаржыландыру көмегімен Қазақстанда өз бизнесін дамытып отырған барлық кәсіпкер әйелдің қатысуына мүмкіндік беру жоспарда тұр.

Еске сала кетейік, бұған дейін KMF Isker hanymy байқауының басталғаны туралы хабарланған болатын.

*PR құқығында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947519-almaty-oblysynda-7-mynnan-asa-alma-agasyn-otyrgyzgan-kasipker-aiel-million-tenge-utyp-aldy/

pixel