Шымкентте екі ай бойы жансақтау бөлімінде жатқан жүкті келіншек қыз баланы дүниеге әкелді

Опубликовано:

сәби
Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте екі өкпесі қабынған 35 жастағы жүкті келіншек сәбиін аман-есен өмірге әкелді. Бұл туралы Отырар сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Жүкті келіншек шілде айында коронавирус жұқтырып, ауруханаға түседі. Компьютерлік томография жасалған соң, әйелдің екі өкпесі де қабынғаны анықталады. Ол екі ай бойы жансақтау бөлімінде жатты.

Кейін дәрігерлер науқасты үйіне шығарады. Бірақ оның өкпесінен фиброз анықталып, айы-күні жақындаған әйелдің жағдайы күрт нашарлап кетелі.

Дәрігерлер дереу жиын өткізіп, ота жасау туралы шешім қабылдайды. Шымкенттің бас санитары Бахытжан Позыловтың мәліметінше, ота сәтті өтскен.

Бүгінде өмірге келген қыз балаға дәрігерлер қарауда. Ал сәбидің анасын әрі қарай емдеу үшін жансақтау бөліміне қайта ауыстырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947531-symkentte-eki-ai-boiy-zansaqtau-boliminde-zatqan-zukti-kelinsek-qyz-balany-duniege-akeldi/