Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Ресейдің төрт қаласына рейстер қайта ашылды
Опубликовано:

"Уральские авиалинии" әуе компаниясы 2021 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстан мен Ресей арасындағы рейстерді кезең-кезеңімен жаңартады, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Telegram-каналындағы парақшасында.
Рейстер А320 әуе кемесімен бірнеше бағыт бойынша орындалады:
- Нұр-Сұлтан – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);
- Нұр-Сұлтан – Красноярск, аптасына 1 рейс (бейсенбі);
- Нұр-Сұлтан – Жуковский, аптасына 3 рейс (сейсенбі, жұма, жексенбі);
- Алматы – Санкт-Петербург, аптасына 1 рейс (дүйсенбі);
- Алматы – Екатеринбург, аптасына 1 рейс (жұма).
Министрлік әуе рейстері санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатынын атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947556-nur-sultan-men-almatydan-reseidin-tort-qalasyna-reister-qaita-asyldy/