Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде "байлық" салығы енгізіле ме: Қаржы министрі жауап берді

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: pixabay.com

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәжіліс сағатында Қазақстанда сән-салтанатқа арнайы салық енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жамаубаевтың сөзінше, мұндай салықты енгізбес бұрын "байлық" пен "асқан байлық" деген не екенін анықтап алу керек.

"Бізде салық және кеден саясатына жауапты арнайы орган бар. Бұл Ұлттық экономика министрлігі. Иә, сән-салтанатқа салық енгізу мәселесі 2-3 жыл бұрын қарастырылды. Бұл мәселені әрі қарай пысықтаймыз. Әзірге, бұл мәселе өзекті емес. Қарастырдық, талқыладық, қандай да бір нақты ұсыныстар енгізбедік", - дейді Қаржы министрі.

Еске сала кетсек, бұған дейін сенат отырысында қаржы вице-министрі Марат Сұлтанғазиев Қазақстан үкіметі байлыққа салық енгізу мәселесін қарастырып жатқанын мәлімдеген еді.

Сонымен қатар, бұл мәселе елімізде бірнеше рет көтерілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947563-elimizde-bailyq-salygy-engizile-me-qarzy-ministri-zauap-berdi/

pixel