Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда дәрігерлер жүрегі үш рет тоқтап қалған ер адамды аман алып қалды

Опубликовано:

Жедел жәрдем
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Атырау облысы Жылыой ауданының жедел жәрдем дәрігерлері науқасты ажалдан арашалап қалды, деп хабарлайды ATPress.kz.

Басылымның жазуынша, оқиға Құлсары-Теңіз тас жолында болған. 29 жастағы геодезист жұмыс орнында өзін нашар сезініп, есінен танып қалған.

Оқиға орнына дереу жеткен жедел жәрдем қызметкерлері ер адамға клиникалық өлім диагнозын қойған.

Сөйтіп, мобильді бригаданың фельдшерлері Азиз Шайхиев пен Қазына Орашева науқасқа бірден көмек көрсете бастаған.

Медициналық шаралардан кейін ағзаның өмірлік функциялары қайта қалпына келген.

Ақ халаттылардың сөзінше, пациенттің жүрегі жедел жәрлем көлігінде үш рет тоқтап қалған.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта науқас жансақтау бөліміне жатқызылды, жағдайы тұрақты.

Дәрігерлер
Фото: atpress.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947596-atyrauda-darigerler-zuregi-us-ret-toqtap-qalgan-er-adamdy-qutqaryp-qaldy/

pixel