Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында бомба жайлы әзілдеген жігіттің басы дауға қалды

Опубликовано:

жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысы Жосалы кентіне "бомба қойылғанын" хабарлаған жас жігіт уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Құзырлы органның мәліметінше, 13 желтоқсан күні сағат 01.30-да Қарғалы аудандық полициясының кезекші бөліміне ер адам қоңырау шалып, Жосалы кентіне "бомба қойылғанын" айтқан.

Оқиға орнына полиция жасақтары, авариялық-құтқару қызметінің қызметкерлері, Қарғалы ауданының жедел медициналық жәрдем бригадасы жіберілген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ешқандай жарылғыш зат табылмаған.

Бұл жайттан кейін күдікті ретінде 18 жастағы жергілікті тұрғын - колледж студенті ұсталған. Жас жігіт әзілдеп айтқанын мойындаған.

Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша Қылмыстық кодекстің 273-бабы ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Орынсыз әзілдегені үшін жас жігітке 5 мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салынуы мүмкін немесе сол мөлшерде түзету жұмыстарына тартылуы мүмкін немесе бес жылға дейін мерзімге бас бостандығын шектелуі ықтимал немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947599-aqtobe-oblysynda-bomba-zaily-azildegen-zigittin-basy-dauga-qaldy/

pixel