Еліміздің бірқатар өңірінде дауылдық ескерту жарияланды

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынып, бірнеше өңірде дауылдық ескерту жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, 15 желтоқсанда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында бұрқасын күтіледі.

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, солтүстік-шығысында, шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының солтүстігінде де бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болуы ықтимал.

15 желтоқсанда Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман күтіледі.

Одан бөлек, 15 желтоқсанда түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы, тау бөктерлі аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қаласы да 15 желтоқсанда тұманды болуы мүмкін.

15 желтоқсанда Маңғыстау облысының солтүстігінде тұман, облыстың батысында және орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, облыстың батысында және орталығында екпіні 17-22 м/с дейін жетуі ықтимал.

15 желтоқсанда Атырау облысының да батысында, шығысында және орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947605-elimizdin-birqatar-onirinde-dauyldyq-eskertu-zariyalady/