Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: "Сары" аймақта еліміздің екі облысы ғана қалды

Опубликовано:

Көшедегі адамдар
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, "сары" аймақта тек екі облыс қалды, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

21 желтоқсандағы жағдай бойынша:

  • "қызыл" аймақта ешбір облыс жоқ;
  • "сары" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 369 адам тіркелді. Осылайша, ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 983 663-ке жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 765 адам аурудан жазылып шыққан.

21 желтоқсандағы мәлімет бойынша қазір 19 302 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның ішінде 3 207 пациент стационарда, 16 095 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Жалпы, 271 адамның жағдайы ауыр, 74 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 53 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947644-koronavirus-sary-aimaqta-elimizdin-eki-oblysy-gana-qaldy/

pixel