Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында судьяның кабинетіне тінту жүргізілді

Опубликовано:

Сот
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында экономикалық сот судьясының қызметтік кабинетінде тінту жүргізілді. Ақпаратты еліміздің Жоғарғы соты растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұған дейін БАҚ беттерінде судьялардың бірі алаяқтық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған еді.

"19 желтоқсанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, 1,5 млн теңге мөлшерінде пара алды деген күдікке ілінген Алматы облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясын әшкереледі. Бұл ақшаның қарымтасы ретінде ол өзі шығарған шешімнің апелляциялық сатыда күшінде қалуына жәрдемдесуі керек еді", - деп жазады "Время" басылымы.

Ақпаратқа қатысты Жоғарғы сот жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдірді.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері Жоғарғы сот жанындағы өзіндік қауіпсіздік бөлімімен бірлесіп, Алматы облысы Экономикалық соты судьясының кабинетінде тінту жүргізді. Қылмыстық-іс-жүргізу кодексінің 201-бабы сәйкес басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді Елдос Жұмақсанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947677-almaty-oblysynda-sudyanyn-kabinetine-tintu-zurgizildi/

pixel