Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылмақ

Опубликовано:

Теңізшевройл
Көрнекі фото: Egemen.kz

"Келешек кеңею" жобасының аяқталуына байланысты 2022 жылы Атырау облысындағы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. Олардың 45 пайызы - атыраулықтар, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, жаңа жылдың алғашқы 3 айының өзінде 7 мың жұмысшы қысқартылмақ екен. Оның 3 мыңға жуығы - Атырау облысының тұрғындары.

Дегенмен облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өңірде жұмыссыздар санының артуына жол берілмейтінін атап өтті. Ол үшін түрлі жобалар қолға алынған.

Мәселен, "Келешек кеңею" жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам "Теңізшевройл" компаниясы есебінен оқытылған.

"Қысқарған жағдайда, өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар.

Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар", - дейді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947701-teniz-kenisinde-zumys-isteitin-39-myn-adam-zumyssyz-qaluy-mumkin/