Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысында діни әдебиеттерді заңсыз таратқан тұрғын 145 мың теңге айыппұл арқалады

Опубликовано:

Діни әдебиет
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтөбе облысында ер адам мешітте және таныстарының арасында діни әдебиеттерді заңсыз таратқан, деп хабарлайды zakon.kz.

Өңірлік полиция департаментінің дерегіне сүйенсек, Шалқар ауданының 25 жастағы тұрғыны жергілікті атқарушы органдар рұқсат етпеген жерлерде діни әдебиеттерді таратып, "ҚР діни қызмет және діни бірлестіктер туралы" заңнамасын бұзған.

Айыпталушының айтуынша, ол мешітте қазақ тіліне аударылған діни кітаптың екі данасын сатқан және тағы төрт данасын таныстарына таратқан. Сотта ер адам өз кінәсін мойындаған.

Облыс тұрғыны ӘҚБтК-нің 490-бабы, 1-бөлігі, 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Оған 145 850 теңге көлемінде айыппұл салынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947717-aqtobe-oblysynda-dini-adebietterdi-zansyz-taratqan-turgyn-145-myn-tenge-aiyppul-arqalady/

pixel