Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Танысына пышақ жарақатын салған": ШҚО-дағы жанжалдан соң полицей жұмыстан қуылды

Опубликовано:

Тәртіп
Көрнекі фото: Polisia.kz

Қараша айының соңында әлеуметтік желіде ШҚО-ның Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылында полиция қызметкері мас күйде танысына пышақ жарақатын салғаны жайлы жазба пайда болды. Алайда жәбірленушінің арызын полиция қабылдамаған, сол себепті ол прокуратураға жүгінген. Бұл жайтқа қатысты ШҚО полиция департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Аталған оқиғаға жайлы ақпарат Kozachkov offside Telegram парақшасында пайда болды. Онда полицей пышақ жарақатын салған соң оқиға орнына оның әріптестері келіп, фактіні жасырып қалғаны айтылады.

Бұл мәліметке қатысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев пікір білдірді.

Ол өзі басқаратын ведомствода жеке құрам арасында заңдылық пен қызметтік тәртіпті нығайту бойынша қажетті шаралар қабылданып жатқанын атап өтті. Сондықтан қызметкерлердің ғана емес, олардың тікелей басшыларының да тәртіптік жауапкершілігі айтарлықтай күшейтілген.

"Қараша айында бізге Тарбағатай аудандық полиция басқармасы қызметкерінің заңсыз әрекеттері туралы белгілі болды, ол қызметтен тыс уақытта сол аудандағы бұрынғы танысымен жанжалға жол беріп, оған қатысты бұзақылық әрекеттер жасаған. Біз бұл фактіге дереу үн қатып және дәл сол күні, 30 қарашада, аталған қызметкер теріс қылығына байланысты ішкі істер органдарынан босатылды", - дейді Сағат Мәдиев.

Оның сөзінше, қазір экс-полицейге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

"Сондай-ақ, аталған полиция бөлімінің тағы үш қызметкері қызметінен босатылды, олар аталмыш фактіні белгіленген тәртіппен дер кезінде тіркеуге алу үшін тиісті шаралар қабылдамаған. Қатаң тәртіптік жауапкершілікке аудандық бөлімнің басшылығы да тартылды, оның ішінде басшының кадр саясаты жөніндегі орынбасары қызметінен босатылды", - дейді ШҚО ПД бастығы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947720-tanysyna-pysaq-zaraqatyn-salgan-sqo-dagy-zanzaldan-son-policei-zumystan-quyldy/

pixel