Елордадағы мектептерге Дінмұхамед Қонаев бастаған танымал тұлғалардың есімі берілмек
Опубликовано:

Нұр-Сұлтан қаласындағы бірнеше мектепке белгілі қайраткерлердің есімі беру жоспарлануда. Үкімет қаулысы Ашық НҚА сайтында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Үкімет қаулысына сәйкес:
- "Нұр-Сұлтан қаласындағы "№ 11 мектеп-лицей" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Өзбекәлі Жәнібековтің;
- "№ 49 орта мектеп" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Қошке Кемеңгерұлының, "№ 69 мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Кемел Ақышевтың;
- "№ 2 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Роза Бағланованың;
- "№ 3 балалар музыка мектебі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсiпорнына Ермек Серкебаевтың;
- "№ 66 мектеп-лицей" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Дінмұхамед Қонаевтың;
- "№ 77 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Фариза Оңғарсынованың;
- "№ 83 мектеп-гимназия" шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорнына Ыбырай Алтынсариннің есімін беру жоспарлануда.
Айта кетейік, қоғамдық талқылау 23 желтоқсанға дейін жалғасады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947721-elordadagy-mekteptin-birine-dinmuxamed-qonaevtyn-esimi-berilmek/