Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Домбыраның құлағында ойнайтын орыс ұлтының өкілі туралы не білеміз

Опубликовано:

Әнші
Фото: Алматы телеарнасы

Белгілі музыкант, Алматы қаласы ішкі істер департаменті мемлекеттік оркестрінің солисі Олег Никитин домбыра тартуды қалай үйренгенін айтып берді, деп хабарлайды Алматы телеарнасы.

Олег Никитин Алматы қаласында өмірге келген.

Кейінірек отбасылық жағдайға байланысты Ақтауға қоныс аударған.

Ол қазақтың ұлттық аспабын қашан үйреніп бастағанын сөз етті.

"Мен шамамен 7 жаста едім, қалаға Құрманғазы оркестрі келіп, керемет концерт берді. Сол кезде домбыраның күмбірлеген үнін естіп, тәнті болдым. Негізі, домбыраның мүмкіндігі шексіз. Себебі домбырамен тек күй ғана емес, бәрін ойнауға болады", – деді Олег Никитин Tangy Studio бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947746-dombyranyn-qulagynda-oinaityn-orys-ultynyn-okili-turaly-ne-bilemiz/

pixel