Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кентауда ауыр соққыға жығылған қыз ауруханаға түсті

Опубликовано:

Аурухана
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Түркістан облысы Кентау мектебіндегі жоғары сынып оқушыларының арасында болған төбелестің видеосы тарады. Полиция құқыққорғау органдарына қыздың анасы арыз түсіргенін хабарлады, деп жазады Otyrar.kz.

Видео кадрларынан қыздардың бірі мектеп оқушысының басы мен денесіне аяусыз соққы жасап жатқанын байқауға болады. Ал жанындағылар қызға қолдау көрсетіп, тоқтамауын сұрайды.

Полиция 17 желтоқсан күні аталған факті бойынша Кентау тұрғыны арыз түсіргенін хабарлады. Келіншектің сөзінше, оның қызы құрдастарымен жанжал барысында дене жарақатын алған.

Тәртіп сақшылары бірнеше мектептің жоғары сынып оқушылары жанжалдасып, білім беру мекемесінің ауласында төбелес ұйымдастырғанын анықтады. Аталған жайттан кейін қыз ауруханаға жатқызылды.

Қазіргі уақытта жанжалға қатысушылардың ата-анасымен және мектеп әкімшілігімен кеңес өтті. Тәртіп сақшылары ҚР ӘҚБтК-нің 435-бабы (Кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық) бойынша материал жинап жатыр. Зардап шеккен қыз медициналық мекемеден шыққаннан кейін материалдар сараптамаға жіберілееді, оның нәтижесі бойынша тиісті шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1947753-kentauda-auyr-soqqyga-zygylgan-qyz-auruxanaga-tusti/

pixel