Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында шопандар арасындағы жанжал атыспен аяқталды

Опубликовано:

Мылтық ұстаған ер адам
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында шопандар арасындағы жанжал атыспен аяқталды. Оқиға 2 желтоқсан күні таңертең болған деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл аудандық полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ұзынағаш қаласының 42 жастағы тұрғыны Қаншеңгелді ауылынан 70 шақырым жерде орналасқан жайылымнан кеуде тұсындағы оқ жарақатымен ауруханаға жеткізілгені туралы хабарлама келіп түседі.

Факт қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіруге оқталу", 24-баптың 3-бөлігімен тіркелді. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Тәртіп сақшылары бір ай бұрын Қазақстанға ақша табуға келген 31 жастағы Өзбекстан азаматын ұстады.

Күдіктіден жұмыс берушіге тиесілі 16 калибрлі қосауыз аңшы мылтығы тәркіленді. Ол мойындады.

Тәртіп сақшылары шопандар арасындағы кикілжің аумақтық талаптарға байланысты болғанын анықтады. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Сот күдіктіні 2 айға қамауға алуды санкциялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947793-almaty-oblysynda-sopandar-arasyndagy-zanzal-atyspen-ayaqtaldy/

pixel