Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сенатта зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті межесін анықтау әдістемесі талқыланды

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: Владимир Третьяков/NUR.KZ

Сенат депутаттары зейнетақы жинағының ең төменгі жеткілікті шегін анықтау әдістемесін талқылады. Кездесуге еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, "Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" акционерлік қоғамы және өзге де ұйымдардың өкілдері шақырылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сенаттың қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Ольга Перепечина шараны аша келіп, еліміз мемлекет басшысының азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануға құқық беру жөніндегі бастамасы жұртшылық тарапынан оң қабылданғанын атап өтті.

Бұл реформа жалдамалы қызметкерлердің жалақыларын жарыққа шығаруға түрткі болды, құрылыс және оған байланысты салаларға серпін берді, дегенмен бұл тұрғын үй бағасының өсуіне әсер етті, деді ол.

Ольга Перепечинаның сөзінше, сенаторларды зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қою мүмкіндігі мәселесі әрқашан толғандырып келеді.

"Себебі ол біздің отандастарымыздың елеулі бөлігі үшін аса маңызды. Депутаттар корпусы үшін қызмет барысында отандастарымыздың әлеуметтік әл-ауқаты әрдайым басты орында және болашақта да осы қағидаттарды ұстанады", - деді ол.

Кездесудің негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарының жеткіліктілігінің ең төменгі шегін ұлғайту ықтималдығына байланысты жағдайды түсіндіру болып отыр.

Депутаттар ең төменгі жеткіліктілік шегін анықтау әдістемесінің жұмыс қағидаларын түсіндіру мақсатында сарапшыларға сауал қойып отыр.

Ол туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары сенаторларға айтып берді, ал "Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының" акционерлік қоғамының басшысы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдаланудың қордың зейнетақымен қамсыздандыру жөніндегі міндеттерін жүзеге асыруға ықтимал әсері туралы хабардар етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947812-senatta-zeinetaqy-zinagynyn-en-tomengi-zetkilikti-mezesin-anyqtau-adistemesi-talqylandy/

pixel