Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық әйелдерді Бахрейнде сексуалдық құлдыққа сату ісі бойынша үкім шығарылды

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: polisia.kz

Бүгін Шымкенттің қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Әбсаттар Шахидинов әйелдерді жыныстық қанау мақсатында халықаралық саудаға салу ісі бойынша 16 айыпталушыға қатысты үкім шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Айыпталушылар қатарында 16 адам болды: 12 әйел және 4 ер адам. Бұл іске қатысты басты тұлға - 1985 жылы туған әйел адам.

Оған қылмыстық кодексінің сегіз бабы бойынша, оның ішінде трансұлттық қылмыстық топқа жетекшілік ету және оған қатысу, адам және кәмелетке толмағандарды сату, шекараны қасақана заңсыз кесіп өту, жалған шот-фактуралар беру және т.б. бойынша айып тағылды.

Қалған сыбайластарға да осындай айып тағылды.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, сотталушылардың кінәсі дәлелденді деген қорытындыға келді. Заңсыз кәсіптің басшысы ақыры 14 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ең белсенді төрт сыбайласы 12 жылға, қалғандары 6 жылдан 11 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Оның екеуіне 1 жыл 3 ай мерзім тағайындалды.

Сотталғандардың адвокаттары апелляциялық шағым түсіретіндерін мәлімдеп үлгерді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947817-qazaqstandyq-aielderdi-baxreinde-seksualdyq-quldyqqa-satu-isi-boiynsa-ukim-sygaryldy/

pixel