Елімізде бүгін ауа райы қандай болады
Опубликовано:

Синоптиктер бүгін еліміздің аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы "Қазгидрометке" сілтеме жасап.
Мамандардың мәліметінше, солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысқан атмосфералық фронттар республика аймағының барлық бөлігіне әсерін тигізбек.
Тек солтүстік-шығыс, шығыс бөліктерде ашық ауа райы сақталады, дейді олар.
Еліміздің солтүстік өңірлерінде жауын-шашын қар, жаңбыр, бұрқасын күтіледі.
Сонымен қатар, синоптиктер республика бойынша тұман, көктайғақ болатынын, жел күшейетінін, оңтүстіктің тау асуларында қатты жел соғатынын жеткізді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947848-elimizde-bugin-aua-raiy-qandai-bolady/