Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскемендегі 7 жасар қыздың өлімі: Қаңғыбас иттер жаппай атылып жатыр

Опубликовано:

ит
Көрнекі фото: pixabay.com

Өскеменде қаңғыбас иттерді жаппай атып жатыр. Соңғы 2-3 күнде 85 қараусыз иттің көзі жойылған, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Телеарна дерегінше, биыл Өскемен қаласы бойынша мұндай шараға 17 миллион теңге бөлініп, 5 мыңнан аса қаңғыбас ит-мысық жойылған.

Бір жағынан, бұл жұмыстың қарқынды жүргізіліп жатқаны жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің наразылығын тудырып жатыр.

"Қаңғыбас иттер күтімсіз жүргендіктен табиғат қорғаушылары мен көптеген адам қарсы шығып жатыр. Сондықтан біздің ит аулайтын бригадалар міндетті түрде учаскелік инспекторлармен бірге жұмыс істейді. Өздері жалғыз жұмыс істемейді", - дейді Шығыс Қазақстан облысы ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ертай Батхолдин.

Айта кетейік, жақында әлеуметтік желіде Өскеменде жеті жасар баланы иттер талап өлтіргені туралы хабар тарады.

"Біз, "Лесхоз" аулының, "Надежда", "Эдельвейс" бау-бақша серіктестігінің тұрғындары тиісті органдардың назар аударуын сұраймыз. Бүгін иттер жеті жасар баланы талап тастады. Біз қауіпті аймақта (қоқыс тастайтын аймақ) тұратындықтан үнемі қаңғыбас иттердің шабуылына тап болып отырмыз", - деп жазды жергілікті тұрғындар әлеуметтік желіде.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті 17 желтоқсанда Ертіс полиция бөлімі осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастағанын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947849-oskemende-7-zasar-qyzdyn-olimi-qangybas-itter-zappai-atylyp-zatyr/

pixel