Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр: Қызметтік көлігімді "электрокарға" ауыстыруға дайынмын

Опубликовано:

Серікқали Брекешев
Серікқали Брекешев. Фото: gov.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев неге экологиялық зардабы аз көлік пайдаланбай жүргенін түсіндірді, деп хабарлайды Қазaқпарат.

"Сіз экология министрлігін қыркүйек айынан бері басқарып келесіз. Іс жүзінде үш ай уақыт өтті. Алайда қазақстандықтар жеке өзіңіз ұсынған "жасыл" бастамаларыңызды әлі көрген жоқ. Мәселен, қызмет барысында газбен жүретін автокөлік пайдалануды жоспарлап отырсыз ба? Неге министр әріптестеріңізге үлгі көрсетпеске?", -деді БАҚ өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Серікқали Брекешов бұл мәселе президенттің іс басқармасының гаражындағы көліктердің түріне байланысты екенін түсіндірді.

Оның сөзінше, өзі басқарып отырған министрліктің меншігінде автокөлік жоқ.

"Біз пайдаланып жүрген көлік президентінің іс басқармасы гаражынан жалға алынады. Сондықтан, егер оларда сіз айтқан талаптарға сай газбен жүретін көліктер болса, газбен жүретін көлікке немесе "электрокарға" көшуге дайынбыз. Әзірге біздің министрліктің меншігінде қызметтік көліктер жоқ", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947853-ministr-qyzmettik-koligimdi-elektrokarga-auystyruga-daiynmyn/

pixel