Соңғы дерек: Қазақстанның екі өңірі "сары" аймақта

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

22 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ.

"Сары" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 416 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан.

Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 984 079-ға жетіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947862-songy-derek-qazaqstannyn-eki-oniri-sary-aimaqta/