Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министр дизель отыны бойынша елдегі жағдай тұрақталғанын мәлімдеді

Опубликовано:

Жанармай
Көрнекі фото: pixabay.com

Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев елімізде дизель отыны бойынша жағдайдың тұрақталғанын жеткізді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл туралы министр үкімет отырысында баяндама жасады.

Оның дерегінше, биыл мұнай өнімдерінің негізгі түрлері бойынша 4,7 млн тонна бензин, 4,8 млн тонна дизель отыны, 2,4 млн тонна мазут, битум 933 мың тонна және 600 мың тонна авиакеросин өндірілген.

"Өздеріңіз білетіндей, биыл тамыздан қазанға дейін жанар-жағармай нарығында дизель отынының тапшылығы байқалды. Ішкі нарықты дизель отынымен қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қабылданды. Біріншіден, автомобиль көлігімен мұнай өнімдерін әкетуге тыйым салынды, екіншіден, Атырау мұнай өндеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмысы 2022 жылға ауыстырылды", - деді Мырзағалиев.

Оның сөзінше, биыл елімізде мұнай өнімдерін өндіру 13,1 млн тоннаға жетті.

"Сондай-ақ, дизель тапшылығымен күресу мақсатында Павлодар мұнай өндеу зауытының жөндеу жұмысы биылғы жылдың қыркүйек айынан қарашаға шегерілді. Одан бөлек, Ресей Федерациясының мұнай өндеу зауыттарынан 281 мың тонна дизель отыны импортталды. Осы аталған жедел шаралар арқасында елдегі дизель отыны нарығында жағдай тұрақталды", - деді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947888-ministr-dizel-otyny-boiynsa-eldegi-zagdai-turaqtalganyn-malimdedi/

pixel