Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Министрлік коронавирус бойынша қаңтар айына болжам жасады

Опубликовано:

Алматы
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев коронавирус бойынша қаңтар айына арналған болжамды еске салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Болжамға сәйкес, қаңтар айында Қазақстанда пессимистік сценарий бойынша тәулігіне коронавирусты жұқтыру жағдайы 3000 адамға дейін жетеді.

Реалистік сценарий бойынша тәулігіне 1500 адамға дейін тіркеледі.

Оптимистік сценарий бойынша тәулігіне 650 адамға дейін инфекцияны жұқтырады.

Айта кетейік, Қазақстанда өткен тәулікте тағы 416 адамнан COVID-19 инфекциясы анықталды. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысынан. Осылайша, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 984 079-ға жетіп отыр.

22 желтоқсандағы жағдай бойынша, "қызыл" аймақта бірде бір облыс тұрған жоқ. "Сары" аймақта Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары "жасыл" аймақта.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін жақында ғана қызметінен кеткен Алексей Цой коронавирус бойынша үш айға жаңа болжамын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947925-ministrlik-koronavirus-boiynsa-qantar-aiyna-bolzam-zasady/

pixel