Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараздағы жарылыстан соң жоғалған әскери қызметкерді іздеу неге ұзаққа созылды

Опубликовано:

Жарылыс салдарын жою
Фото: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Қорғаныс министрінің орынбасары Дарын Тұяқов мәжіліс отырысында Тараздағы жарылыстан кейін жоғалып кеткен кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары неге ұзақ уақытқа созылғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дарын Тұяқов қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

"Қазір тергеу жүріп жатыр, органдар мән-жайыды қарастыруда. Тергеу нәтижесі бойынша ақпарат беріледі. Келісемін, ұзаққа созылып жатыр, бұған түсіністікпен қарау керек. Оқиға орнына барып, сол жерде қарастыру керек", -деді ол.

Айта кетейік, Бауыржан Дәуітбаевты іздеу жұмыстары оқиға басынан бері жүріп жатыр.

"Бұл жұмыс жария етіліп жатқан жоқ, бірақ өте ауқымды әрі тыңғылықты жұмыс жүргізілуде. Оның ықтималдылығы аз (оның жарылыстан жарылып кетуі), қандай да бір бөлшектер болу керек қой", -деді қорғаныс министрінің орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947940-tarazdagy-zarylystan-son-zogalgan-askeri-qyzmetkerdi-izdeu-nege-uzaqqa-sozyldy/

pixel