Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда кәсіпкерді 42 миллион теңгеге алдаған қазақстандық ұсталды

Опубликовано:

Кісен
Көрнекі фото: piqsels.com

Германияда сонау 2014 жылы кәсіпкерден 42 миллион теңге алып, ақырында оны тақырға отырғызып кеткен қазақстандық ұсталды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Ақмола облысының полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2014 жылы Щучье қаласының 54 жастағы тұрғыны жергілікті кәсіпкерге жоғары технологиялық құрал-жабдықтарды жеткіземін деп, алаяқтық жолмен 42 миллион теңгені алған. Өз кезегінде ол жалған құжаттарды ұсынған.

Аталған факті бойынша қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлігі "Алаяқтық" бойынша тергелді.

Тәртіп сақшылары ер адамның жәбірленушіден алған ақшаны бұрыннан бар несие берешегін жабуға пайдаланып, Қазақстаннан шығып кеткенін анықтады. Оған халықаралық іздеу жарияланды.

Кейін бұл азамат Германияда жалған құжаттармен тұрғаны белгілі болды. Оны жергілікті полиция ұстаған.

2021 жылдың қарашасында Германияның құқық қорғау органдары мен Қазақстан ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің қатысуымен Майн-Франкфурт қаласында күдікті экстрадицияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947943-germaniyada-kasipkerdi-42-million-tengege-aldagan-qazaqstandyq-ustaldy/