Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 25 мыңнан астам адам Pfizer вакцинасын салдырды

Опубликовано:

Вакцина салу сәті
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы қаласында бір тәулікте 3703 адам коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"21 желтоқсан күні 3703 алматылық вакцина салдырды. Коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін – 1578, II компонентін – 2125 адам алды. Вакцина салдырғандар саны бойынша Алматы қаласы алдыңғы орында. Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 21 желтоқсаны аралығында қалада 1 040 818 тұрғын вакцинаның бірінші компонентін, 1 001 772 адам екінші компонентін салдырған. Оның ішінде 123 024 адамның жасы 60-тан асқан",- деп хабарлады басқармадан.

Бүгінгі таңда Pfizer (Comirnaty) компаниясының екпесін 25 469 адам салдырды. Оның ішінде 1437 жүкті әйел, 5089 бала емізетін ана және 18943 жасөспірім бар. Қалада 132 пункт жұмыс істеп тұр. 756 адамнан тұратын 201 егу бригадасы бар.

"Қазір медицина ұйымдарында, мектептерде, мәдениет, спорт объектілерінде, базарлар мен қаланың сауда, ойын-сауық орталықтарында вакцинация пункттері жұмыс істейді", - деп нақтылады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1947948-almatyda-25-mynnan-astam-adam-pfizer-vakcinasyn-saldyrdy/

pixel