Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда 28 градусқа дейін аяз болуы мүмкін

Опубликовано:

Қыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 23-25 желтоқсан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мамандар солтүстік-батыс циклонның әсерінен ел аумағында жауын жауып, ауа температурасының көтерілгенін атап өтті.

Дегенмен алдағы күндері батыстан антициклонның әсерінен елімізде күн қайта салқындауы мүмкін. Мәселен батыс пен солтүстікте түнде 20-28 градусқа дейін аяз болуы ықтимал.

Ал оңтүстік облыстарға Өзбекстан аудандарынан келген циклон әсер етіп, жаңбыр жауады.

Еске сала кетсек, бұған дейін синоптиктер желтоқсан айына арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Олардың мәліметінше, айдың екінші және үшінші онкүндіктерінде Қазақстанның солтүстік жартысында және таулы бөктерінде қарлы боран мен желдің күшеюі күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948029-aldagy-kunderi-elimizde-28-gradusqa-deiin-ayaz-boluy-mumkin/

pixel