Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағынан алынған ең аз ақша қанша

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Отбасы банкінің" басшысы Ләззат Ибрагимова Нұр-Сұлтан қаласы бойынша зейнетақы жинағынан алынған ең аз сома қанша теңге екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Нұр-Сұлтанда бізге 54 мың салымшы жүгінді. Бұл жалпы республикалық көрсеткіштің 15 пайызы. Олар 290 млрд теңге алды. Орташа құны (бір мәміленің - ред.) 5 млн теңге. Ең көп сома 96 млн теңге болды. Ең аз сома 10 мың теңге. Бұл адам ипотекасын мерзімінен бұрын өтеді, осындай өтінішпен жүгінген соң жүйе қарастырды", - дейді банк басшысы.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа сатып алынған ең қымбат үйдің бағасын жариялаған болатын.

"Зейнетақы жинағы арқылы тұрғын үй сатып алу бойынша ең үлкен мәміле 162 миллион 400 мың теңгеге жасалды – бұл премиум-класстағы тұрғын үй. Ең төмен мәміле құны - 1 млн теңге шамасында болды, бұл ауылдық жердегі немесе аудан орталығындағы үй болуы мүмкін", - дейді Ибрагимова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948030-zeinetaqy-zinagynan-alyngan-en-az-aqsa-qansa/

pixel