Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сағынтаев: Алматыға "омикрон" штамының келетіні сөзсіз

Опубликовано:

Бақытжан Сағынтаев
Бақытжан Сағынтаев. Фото: Atameken Business Channel

Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев "Алматы" телеарнасындағы тікелей эфир кезінде коронавирустың "омикрон" штамы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Сағынтаев алматылықтарды жедел түрде коронавирусқа қарсы вакцина алуға шақырды.

Оның сөзінше, қазіргі кезде вакцинаның мөлшері жеткілікті.

"Бірінші және екінші вакцина үшін де, ревакциналау үшін де жеткілікті мөлшері бар. Сондықтан алматылықтардың вакциналануға жедел барғаны дұрыс. Себебі омикрон штамы келген кезде жағдай қиындай түседі, ал омикронның келетіні сөзсіз", - деді мегаполис басшысы.

Сонымен қатар, Алматы әкімі егер карантин талаптары қайта күшейетін болса, оған дайындық барысы қалай екенін түсіндірді.

"Біз бүгін өзіміздің дәрілік заттар мен жеке қорғаныс құралдары бойынша дайындығымызды тағы қарап, пысықтап шықтық. Егер карантин талаптары қайта күшейтілсе, оған дайын болу үшін қосымша қаражатты резервте сақтап отырмыз, дәрі-дәрмек пен жеке қорғаныс құралдары жеткілікті мөлшерде болу үшін фармацевтикалық компанияларымызға қосымша тапсырыс беріп қойдық. Сондай-ақ, жабдықтармен де толық көлемде қамтамасыз етілгенбіз", - деді Сағынтаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948052-sagyntaev-almatyga-omikron-stamynyn-keletini-sozsiz/

pixel