Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова қамауға алынды

Опубликовано:

Бақытгүл Хаменова
Бақытгүл Хаменова. Фото: gov.kz

22 желтоқсанда Атырау облысының соты өңір әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованы екі айға қамауға алуға санкция берген. Енді ол сотқа дейін тергеу изоляторында болады, деп хабарлайды "Ақ Жайық" басылымы.

Басылымның мәліметінше, Бақытгүл Хаменованы қамауға алуға Атырау облысының прокуратурасы өтініш берген. Шенеунік қамауға алынып, тергеу изоляторына жеткізілген.

Еске сала кетсек, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Кейін Атырау облысының арнайы тергеу соты уақытша ұстау изоляторында отырған Бақытгүл Хаменованы үйқамаққа алу туралы санкция берді.

Сонымен бірге, сот мұндай шешім қабылдауына Хаменованың жалғызбасты әйел екені, кішкентай екі баласын жалғыз тәрбиелеп отырғаны, олардың бірінің кішкентайынан мүмкіндігі шектеулі екені және қарауында қарт анасының бар екені себеп болғанын айтты.

Одан бөлек, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Хаменованының ісіне қатысты пікір білдіріп, ұсталғанын естігенде көңілі түскенін жасырмады.

Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары болып, 2020 жылдың наурыз айында тағайындалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948060-atyrau-oblysy-akiminin-orynbasary-baqytgul-xamenova-qamauga-alyndy/

jitsu gif