Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зейнетақы жинағындағы ақшаны тағы қандай мақсат үшін пайдалануға болады

Опубликовано:

Ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Зейнетақы жинағында шекті мөлшерден асқан қаржыға жер телімін сатып алуға болады. Бұл туралы "Отбасы банктің" басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова мәлімдеді, деп хабарлайды "Хабар 24".

Басылымның мәліметінше, ол үшін бірыңғай оператордың порталында арнайы батырма енгізілді.

Жер - үй салуға немесе жеке шаруашылық жүргізуге арналған болуы шарт. Оны сатып алғаннан кейін мақсатты жұмысты жүзеге асыруға 24 ай беріледі.

Осы уақыт өткен соң жер телімінің иесі, салған үйдің немесе шаруашылығының құжатын банкке көрсетуі тиіс. Дегенмен, бұл шартты орындамағандарға қандай шара қолданылатыны жаңа ережеде әлі жүйеленбеген.

"Жаңа басталып жатыр ғой. Жұмыс барысында егер сол екі жылдың ішінде үйдің жартысын салып қойып, болмаса үйді салып, құжаттарын рәсімдеп жатқан болса, ол кезде бұл сұрақтың бәрі қаралады деп ойлаймыз. Бірден қатаң шара қолданып, қайтартуға емес, ол кісіге көмек беріп, үйді аяғына жеткізуге мүмкіндік беріледі деп ойлаймыз. Ереже 14 желтоқсанда шықты. Ол сұрақ әлі қаралады", - дейді Ләззат Ибрагимова.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинағындағы артық қаражатқа сатып алынған ең қымбат үйдің бағасы 162 млн теңге екенін айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948063-zeinetaqy-zinagyndagy-aqsany-tagy-bir-maqsat-usin-paidalanuga-bolady/

pixel