Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көкшетауда медициналық диспансерден қашып кеткен 12 жастағы бала табылды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі сурет: pixabay.com

Көкшетауда медициналық диспансерде дәрігерге көрініп жатқан кезде қашып кеткен 12 жастағы бала аман-есен табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Басылымның мәліметінше, баланы жоғалып кеткеннен кейін жеті сағат өткен соң Көкшетау қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жанат Шәріпов тауып алған.  

"Ол баланы ата-анасына тапсырды. Анасымен ұрсысып қалған бала қашып кеткен. Жеткіншек "Бурабай" спорт кешенінің жанындағы аялдамадан табылды. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ", - дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жасөспірімді ​​іздеуге 150-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылған, оның ішінде 11 криминалдық полиция қызметкері, ювеналды полиция тобының 23 қызметкері, учаскелік инспекторлар мен патрульдік полиция батальонының жеке құрамы бар.  

Еске сала кетсек, бұған дейін медициналық диспансерден қашып кеткен ер баланың іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948065-koksetauda-medicinalyq-dispanserden-qasyp-ketken-12-zastagy-bala-tabyldy/

pixel