Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

85-і Нұр-Сұлтаннан: Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны қайта өсті

Опубликовано:

жедел жәрдем11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 адам тіркелген. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы хабарлады.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласында - 85
  • Алматы қаласында - 37
  • Шымкент қаласында – 9
  • Ақмола облысында – 43
  • Ақтөбе облысында - 3
  • Алматы облысында - 16
  • Атырау облысында - 8
  • Шығыс Қазақстан облысында - 27
  • Жамбыл облысында - 3
  • Батыс Қазақстан облысында - 17
  • Қарағанды облысында - 45
  • Қостанай облысында - 51
  • Қызылорда облысында - 3
  • Маңғыстау облысында - 2
  • Павлодар облысында - 51
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 74
  • Түркістан облысында - 3.

Осылайша, жалпы Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 984 556-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 588 адам аурудан жазылып шыққан.

23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 18 685 адам коронавирустан емделуде. Оның ішінде 2947 пациент стационарда, 15 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

262 адамның жағдайы ауыр, 73 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 62 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948067-otken-taulikte-qansa-qazaqstandyq-koronavirus-zuqtyrdy/

pixel