Коронавирус: Нұр-Сұлтан қаласы "сары" аймаққа оралды

Опубликовано:

бетперде11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елдегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жаңарды. Оған сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы қайтадан "сары" аймаққа өтті, деп хабарлайды COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Telegram каналы.

23 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы келесідей:

  • "қызыл" аймақта ешбір өңір жоқ;
  • "сары" аймақта Нұр-Сұлтан қаласы, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары;
  • "жасыл" аймақта Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстары тұр.

Еске сала кетсек, өткен тәулікте елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған 477 адам тіркелді. Осылайша, Қазақстан бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 984 556-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 588 адам аурудан жазылып шыққан.

23 желтоқсандағы мәлімет бойынша, қазір елімізде 18 685 адам коронавирустан емделуде. Оның ішінде 2947 пациент стационарда, 15 738 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

262 адамның жағдайы ауыр, 73 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 62 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948080-koronavirus-nur-sultan-qalasy-sary-aimaqqa-oraldy/

jitsu gif