Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ханның қызын алса да бас имеген": Көпшілікке иіліп сәлем салған күйеу жігіт сынға қалды (видео)

Опубликовано:

Сәлем салған күйеу жігіт
Сәлем салған күйеу жігіт: видеодан скриншот

Әлеуметтік желіде қайын жұртына сәлем салған күйеу жігіттің видеосы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бейнежазба kyn.kz инстаграм парақшасында жарияланды.

Видеода ер адамды екі жағынан екі келіншек сүйеп келеді. Ол сәт сайын тоқтап, қарсы алдындағы адамдарға иіліп сәлем салуда.

Бұл дәстүрді желі қолданушылары құптаған жоқ. Олар қазақ халқында мұндай салттың жоқтығын алға тартқан.

"Қазақта күйеуге сәлем салдырмайды. Еркек деген атына ұят. Ханның қызын алса да сәлем салмаған";

"Ер басын анасынан басқа ешкімге имеген";

"Қазақта жоқ мұндай. Ер адам сәждеге ғана басын иген";

"О заман да, бұ заман, күйеудің сәлем салғанын көрмппін", - деп жазды желі қолданушылары.

Әзірге, видеоның қай аймақта және қашан түсірілгені белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948101-xannyn-qyzyn-alsa-da-bas-imegen-kopsilikke-iilip-salem-salgan-kuieu-zigit-synga-qaldy-video/

pixel