Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мерзімінен бұрын босанған 52 жастағы алматылық әйел егіз баланы дүниеге әкелді

Опубликовано:

аяғы ауыр әйел11
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері 52 жастағы жүкті әйелді босандырып, егіз баланы аман алып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қаладағы Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығына түскен әйел жүктіліктің 31 аптасында орталық дәрігерлеріне басы айналып, іші ауырып, қан қысымы жоғарылағанына шағымданған.

Агенттіктің хабарлауынша, жүкті әйелге – ауыр преэклампсия, жатыр тыртығы диагнозы қойылған. Әйел егіздерді ЭКО арқылы көтергені белгілі болды.

"Ультрадыбыстық зерттеу кезінде екінші ұрықтта жүрек ақауы анықталды. Сол себепті әйел шұғыл операцияға алынды. Преэклампсия анаға да, ұрыққа да қауіп төндіруі мүмкін еді. Сондықтан, кесарь тілігі арқылы босанды. Нәтижесінде салмағы 1,644 грамм және 990 грамм екі ұл бала дүниеге келді.

Нәрестелер шала туғандықтан жансақтау бөліміне ауыстырылып, арнайы инкубаторда 10 күн жатты. Отадан кейін аналарының да жағдайы ауыр болды, ол да бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатты. Бүгінгі күні ана мен балалардың жағдайы жақсы. Жаңа туған нәрестелер салмақ қосып жатыр, қауіп жоқ. Патология бөлімінде жатыр. Жақында олар үйіне шығады", - дейді дәрігер Балзия Әбілмәжінова.

Алматылық келіншек егіздерін аман алып қалған орталықтың реаниматологтарына, неонатологтары мен барлық медициналық қызметкерлеріне алғыс айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1948133-merziminen-buryn-bosangan-52-zastagy-almatylyq-aiel-egiz-balany-duniege-akeldi/

pixel